Жилищные проблемы


ID вопрос: 1868
  23.08.2017

Құрметті әкім мырза! Ауезов көшесі №21 үйдің жаңадан берілген екі этажды екінші подъезінің подвалынан канализация суы ағып сасып жатыр. Үйде отыру мүмкін емес. Бірнеше рет водоканалға заявка бердік, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Сізден осы мәселемізді шешіп беруіңізді сұраймыз.

ID вопрос: 1866
  15.08.2017

Құрметті Әділбек Егеубекұлы!
Мен Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №20а үйдің тұрғынымын. 2015 жылы маусым айында осы көп пәтерлі тұрғын үйден үй алдым. Қәзір сол көп қабатты үйге кіргелі не подъезінде не далада свет жоқ, кіріп шығуымыз өте қиын. Қыс мезгілінде баспалдақтар тайғақ, свет жоқтан бала-шаға тайып құлап, жарақат алып жатады. Бұл пәтерлерде мүгедек жандар бар. Сізден осы үйдің тұрғындарының атынан өтінерім, осы подъездің және дала жарығын қостырып беруіңізді сұраймын.

ID вопрос: 1856
  01.08.2017

Сәлеметсіз бе, Әділбек Егеубекұлы! Менің басымда баспана жоқ. Жалдамалы үйде тұрып келеміз. Сізден өтінерім маған үй алуыма көмектессеңіз екен. Үй алу үшін қалай кезекке тұруды және құжаттарды қайда барып өткізерімді білмеймін. Рахмет!

ID вопрос: 1849
  12.07.2017

Сәлеметсізбе әкім мырза! Мен Жексембинова Салтанат Жансүгіров ауылының тұрғынымын. 2 топ мүгедегімін. Мен 2012 жылдан тұрғын үй кезегінде тұрамын. Сізден өтінерім, маған тұрғын үй беруіңізді сұраймын.

ID вопрос: 1588
  27.12.2015

Саламатсызба Адильбек Егеубекулы!!! Жана тургызылган 4 кабатты уйде су маселеси али шешилген жок. КСК жана су кубырын косамыз деп кутылды ол кай жылы косылады? Тагы сусыз отырмыз не жанымызда колонка жок су тасуга. Сонда биз дипломмен ауылга программасымен не ушин келдик? Биринши жыл емеской шагымданып отырганымыз. Кашанга дейин немгурайлы карайсыздар?

ID вопрос: 1587
  14.12.2015

Саляматсызба? Бизде су маселесин шешуге болмайма? Водоканал ешкимге багынбайма? Ертеден кеш батканга дейин типти тунде де наукас куткарумен журемиз уйге кан ишек карын сасып келемиз жуынатын су жок канша жыл болды шагымданып жатырмыз. Жазда суаруга кетеди деп кутылады ал кыста су кайда кетти. Акшасын толеткизгенде аккан суга карамайды кашанга дейин осы адилетсиздик журеди? Отиниш шешип беринизши КСК колынан келмейди

ID вопрос: 1583
  21.07.2015

Сәлеметсізбе! Мен Жанайбекова Айгерім Жансүгіров ауылы Есеболатов көшесі №70 үйде тұрғанмын. Қазіргі кезде ол үй құлағалы тұр. Үй құлап астында қаламызба деп қорқып әр жерде тұрып жүрміз. Жаңа үй салуға жағдайымыз жоқ. Осы жағдайымызды ескеріп, баспанаға көмектесуіңізді сұраймын.

ID вопрос: 1582
  17.07.2015

Сәлеметсізбе Әділбек Егеубекұлы! Мен Ауханова Жанар көп балалы анамын. Жалғыз бастымын, басымда баспана жоқ. Осыған байланысты маған баспана алу үшін кезекке тұруыма бола ма?

Әкімге сұрақ қою / Задать вопрос акиму




Аты-жөні
ФИО *:
Тақырып таңдау
Выберите тему *:
Мекен жайы
Адрес *:
E-mail *:
Телефон:
Сұрақ
Вопрос *:
Көрсетілген кодты жазыңыз
Введите код указанный на картинке * :